Орыс мәдениетін насихаттағаны үшін. Путин астаналық актерді марапаттады

789
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xQSG1zcbV2VNAqHHhzNhkIni2YI1KjBj10HqhLVS.jpg

Астанадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Сергей Матвеев «Пушкин» медалімен марапатталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Марапатты Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің халық бірлігі күніне орай Кремльде өткен салтанатты рәсімде табыстаған.

«Актер шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтау және насихаттау ісіне қосқан зор үлесі үшін жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды»,- деп атап өтті Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.

Өз сөзінде Сергей Матвеев бұл марапатты өзі ғана емес, бүкіл М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры ұжымының еңбегіне көрсетілген құрмет пен бағалау ретінде қабылдайтынын айтты.

Шараға Ресеймен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқан түрлі елдердің мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері, сондай-ақ қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысқан.

Айта кетейік, Сергей Матвеев — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның халық әртісі және Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Ол көптеген жылдар бойы «Пушкинмен мәжіліс» атты моно-пьесада ойнап келген.

Бұған дейін Владимир Путин Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастырінің тұрғыны, 100 жастағы схимонахиня Ирина Любицкаяны «Достық» орденімен марапаттаған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler