Аса маңызды минералдар мәселесі. Президент АҚШ-та мемлекеттік хатшымен кездесті

832
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kqU5LKvIchwwCk2DlVKYSW4AeG3kBV361iN4iQT3.jpg

Мемлекет басшысы АҚШ-та Марк Рубиомен және Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға ресми сапары АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен, сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде экономикалық ықпалдастық, инвестициялық әріптестік және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған экономикалық ынтымақтастықтың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан бүгінде АҚШ-пен жоғары деңгейдегі саяси байланыстар орнатқан және сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі конструктивті диалогты жалғастыруға әзір.

Сапар аясында Қазақстан мен АҚШ арасында аса маңызды минералдар саласында ынтымақтастық орнату жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ сауда министрі Говард Латник қол қойды.

Бұл меморандум екі ел арасындағы инновациялық даму мен жоғары технологиялар бағытындағы серіктестікті тереңдетуге, сондай-ақ жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашуға негіз болмақ.

Yorumlar
Diğer Haberler