Павлодарда Қазправда мен Мақатаев көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан ғимарат құлады, деп хабарлайды “Адырна”.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы хабар 7 қараша күні сағат 17:04-те түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем және апат медицинасы орталығының бригадалары жіберілді.
Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендердің бірі үйінді астында қалған, тағы екі ер адам орташа ауыр жарақат алып, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Павлодар облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы ғимараттың құлағанын растады, бірақ нысанның нақты қай мақсаттағы құрылыс болғаны әзірге белгісіз.