Тұрғын үйдің қабырғасы құлап, бес адам зардап шекті

495
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KaWiiL9Hpx9Wvf59kRJFWw9TdgFysU0Rv5KqoBUT.webp

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға елордадағы Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайында болған. Үйдің сыртқы қабырғасымен бірге кондиционер қондырғысы да құлаған.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық зардап шеккендер №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

«Бір науқастың жағдайы өте ауыр, оған жедел ота жасалып жатыр. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр. Қалған екі адамның жағдайы тұрақты, олар бөлімшеде ем қабылдауда», — делінген басқарма хабарламасында.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler