Қазақстандық магнат кенже ұлын әскерге жіберді

1091
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6Muz7DKgg9XdocNdBOH6W5bO1scCwA6seQHcYJHs.webp

Кәсіпкер, BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев  кенже ұлын әскерге жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бұл жаңалықпен Instagram желісіндегі парақшасында бөлісіп, ұлының ант қабылдау сәтінен сурет жариялады.

«Кенже ұлым кеше әскери ант қабылдады. Енді ол – еліміздің де, отбасымыздың да қорғаушысы. Физикалық тұрғыдан жақсы дайындықтан өткендіктен, десанттық-шабуылдау бригадасына түсті. Алты ай бұрын ол Лондондағы King’s College London университетіне IT мамандығы бойынша оқуға түскен еді. Біз алдын ала келісіп, егер оқуға байланысты сұрақтар туындаса, жеңілдіксіз, өзге жастар сияқты әскерге барасың деп шештік. Сол сәт те келді. Келешекте оқуын міндетті түрде жалғастырады, әзірге нағыз азамат болып, Отан алдында борышын өтіп жатыр»,–деп жазды кәсіпкер.

 

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler