Киберқауіпсіздік туралы жеке заң болады

950
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GwmPiScKDATIWc1s5QGYbgsLbP0CuG0bblIvHEG8.jpg

Қазақстанда киберқауіпсіздік туралы жеке заң болады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Цифрлық кодексте қауіп-қатерлерді басқаруға, ақпаратты қорғауға және киберқауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдер белгіленеді. Киберқылмыспен тиімдірек күресу үшін «Ақпараттандыру туралы» заң «Киберқауіпсіздік туралы» деп өзгертіледі»,—делінген хабарламада.

Жобада цифрлық сәйкестік механизмі – сенімді цифрлық ортаны дамытудың өзін-өзі реттеу механизмі қарастырылған. Сондай-ақ ол стратегиялық маңызы бар және шетелдіктерге берілмейтін ұлттық цифрлық активтер – үкіметтік жиіліктер, дерекқорлар, жүйелер және инфрақұрылым үшін құқықтық негізді нақтылайды.

Негізгі жаңалықтың бірі – цифрлық шешімдердің сапасын, ашықтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үш деңгейлі аудит жүйесі. Олар:

– функционалды аудит – жүйелердің тиімділігін және олардың қойылған мақсатқа, әсіресе, жасанды интеллект саласына сәйкестігін тексереді;

– киберқауіпсіздік аудиті – цифрлық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіпсіздігін бағалайды;

– реттеуші аудит – цифрлық реттеудің деңгейі мен жаңа заңнамалық базаға сәйкестігін талдайды.

Бұл шаралар сенім мен жауапкершілікке негізделген тұрақты, қауіпсіз және ашық цифрлық экожүйе құруға бағытталған.

Yorumlar
Diğer Haberler