Тоқаев Мәскеудегі «Белгісіз жауынгер бейітіне» гүл шоғын қойды

1473
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ajN6TgiZaK2QMws9GqVfrSI7whb5YHiSmDbArcV0.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бұл туралы бүгін, 12 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.

«Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды»,–деп жазды Ақорда.

Yorumlar
Diğer Haberler