“Құдай қосқан көрші”. Президентті Мәскеуден үкімет басшысының орынбасары шығарып салды

1327
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pb8ML5AIvtAiMFMhFX2IjUWIBKJirickxLweDzWY.jpg

12 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне президент Владимир Путиннің атынан Кремльде мемлекеттік қабылдау өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшіісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев біздің ортақ тарихымыз бірліктің үлгісін танытатын сөздердің қай-қайсысынан да артық екеніне тоқталды.

«Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан «Құдай қосқан көрші» деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі»,- деді ол.

Кейін екі ел президенті Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды.

Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік кеш Үлкен театрда өтті.

Сахнада Роза Рымбаева, Мария Мудряк, Ренат Ғайсин, Әлішер Кәрімов, Александр Беляков және Зарина Алтынбаева секілді танымал әншілер өнер көрсетті. Іс-шарадан соң мемлекеттер басшылары сахна шеберлерімен әңгімелесіп, алғыс айтты.

Осылайша Қазақстан президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аяқталды.Внуково әуежайында президент Қасым Жомарт Тоқаевты Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды. Ресей билігінде Оверчук Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық, G20, БРИКС, ШЫҰ-мен байланысқа жауап береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мемлекеттік сапарымен Мәскеуге барғанда Ресей үкіметінің бірінші орынбасары Денис Мантуров және басқа да ресми тұлғалар қарсы алған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler