«Қазақстан мұнайдан — ЖИ-ға өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр» - Питер Норвиг

309
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TQbW83N6R4SCDR4EedVYkVKnTpjKQ2PLDYlnEJF6.jpg

Жасанды интеллект саласының ең ықпалды тұлғаларының бірі, Google Research-тің бұрынғы директоры және әлемдегі №1 AI оқулығы Artificial Intelligence: A Modern Approach авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларды жоғары бағалады.

Ғалым бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту кеңесіне қатысқаннан кейін айтты.

Питер Норвигтің айтуынша, Қазақстанның даму бағыты әлемдік тәжірибеде сирек кездесетін батыл қадамдардың бірі:

• «Қазақстан – мұнайлы ел, бірақ экономикасын жасанды интеллект бағытына батыл бұрып отырған мемлекет», – дейді ол.
Ғалымның пікірінше, ел өз ресурстық экономикасына қарамастан болашағын жоғары технологиялармен байланыстыра отырып, күрделі, бірақ стратегиялық тұрғыдан дұрыс бағытты таңдаған.

• Демографиядағы басымдық – жастар. Қазақстандық жастар технологияға ерекше қызығушылық танытады, бұл инновациялық орта қалыптастыруда маңызды фактор.

• Білімге жасалған инвестиция айрықша. Қазір елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалы жұмыс істейді. Бұл реформалар жергілікті мамандарды халықаралық деңгейде даярлауға мүмкіндік беруде.

• Қазақстанның иммиграциялық саясаты да дұрыс бағытта. Ел шетелдік студенттерді көптеп қабылдап, академиялық мобилділікті күшейтіп жатыр.

• Startup экожүйесінің дамуы өзгеше модельге сүйенеді. Көп мемлекеттер венчурлық капиталды негізгі тірек етсе, Қазақстанда стартаптар көбіне мемлекеттік гранттармен өсіп келеді. Норвиг бұл тәсілді ерекше тәжірибе деп атап өтті.

• Елде алғашқы «единорогтар» пайда болғаны — реформалардың нәтижесі.

Ғалымның айтуынша, ең маңыздысы — Қазақстан билігі қоғамға технологиялық даму бағытының ұзақ мерзімді әрі тұрақты екенін дәлелдей алған. Бұл сенім инновациялық экожүйенің жылдам қалыптасуына және өсуіне жағдай жасап отыр.

Питер Норвиг Қазақстанның ЖИ саласындағы амбициясы мен тұрақты саясатын жоғары бағалап, елдің технологиялық болашағы зор екенін атап өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler