7 өңірде балаларды қашықтан оқыту туралы шешім қабылданды

437
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pMzhg1UQaaIdSmBbcPfyBH6vY0nv1qf3h2oIdbcj.jpg

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова мектептердің қашықтан оқыту форматына ауысуына қатысты статистикалық деректерді жариялады, деп хабардайды «Адырна» тілшісі.

Ол 19 қарашадағы жағдай бойынша жеті өңірде қашықтан оқыту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

«Республика бойынша 132 мектептің 1469 сыныбы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Атап айтқанда, Астанадағы 24 мектепте 182 сынып онлайн оқуға көшкен, Шығыс Қазақстан облысында 57 мектептің 204 сыныбы, Абай облысында 21 мектептің 276 сыныбы, Жамбыл облысында 14 мектептің 598 сыныбы, Қостанай облысында 12 мектептің 168 сыныбы, Ақмола облысында 3 мектептегі 21 сынып және Қарағанды облысында бір мектептегі 20 сынып қашықтан оқуға ауысты»,-деді ол.

Бейсенова тұмауға байланысты сыныптағы балалардың 30 пайызы ауырып жатса, онда оқу онлайн форматқа ауысатынын атап өтті.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге медициналық қызметтің сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырған еді.

Айта кетейік, соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 183 мың оқиғасы тіркелген.

Yorumlar
Diğer Haberler