«Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерімін...» Алаяқтар үй аралап жүр

731
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JMhqzUdmRIbCs6BcVsy7VZNRpleH3yJVNl9EoYtk.webp

Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдардың үйлерді аралап, жеке деректер жинаған видеоларын жариялап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы tengrinews.kz-ке сілтеп.

Instagram қолданушысының сөзінше, екі әйел оның үйіне келіп, оқушылардың бар-жоғын сұрап, жеке мәліметтерді жазып алған.

Оқу-ағарту министрлігі бұл әрекеттерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар немесе деректер сұраған адамдар алаяқ болуы мүмкін. Заңсыз әрекеттер үшін министрлік жауапты емес», – делінген хабарламада.

Министрлік азаматтарға сақ болуды, осындай жағдайларды байқаса дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынады.

Yorumlar
Diğer Haberler