Өзбекстанда АИ-80 жанармайын сатуға тыйым салды

736
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OJ3JSoyUOLNeiig2ZcBhQPo0P3CU4Vn5OkCKFkqA.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің жұмысына қатысты шараларды бекітті. Бұл туралы Kaktus Media жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

Үкімет қабылдаған құжатқа сәйкес, 1 қаңтардан бастап бекеттерде АИ-80 жанармайын сатуға тыйым салады. Бұл шара «сапалы әрі экологиялық таза» отынмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Сондай-ақ Ташкент қаласының ішінде жүк көліктерінің қозғалысы таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта шектеледі. ІІМ жүк көліктеріне шектеу қойылатын көшелердің тізімін анықтауы тиіс.

Құжат бойынша, мазут және соған ұқсас отын түрлерін пайдалану кезінде экологияны ластағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Yorumlar
Diğer Haberler