Зеленский жер беруге ешқашан келіспейді – Ермак

608
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/66wFBawC3Y4UTdprMeRK0a3jWYIVAlwI47qcQ8Wd.jpg

Украина президенті офисінің басшысы Андрей Ермак Владимир Зеленскийдің бейбітшілік үшін территория беруге ешқашан келіспейтінін айтты. Бұл туралы ол 27 қарашада The Atlantic журналының журналисі Саймон Шустерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". 

Ермактың сөзінше, бүгінде ақыл-есі дұрыс ешбір адам территориядан бас тарту туралы құжатқа қол қоймайды.

«Зеленский президент болып тұрған кезде біз территория береміз деп ешкім күтпеуі керек. Ол мұндай құжатқа қол қоймайды. Конституция оған тыйым салады. Бұны ешкім жасай алмайды, тек украин Конституциясына және украин халқына қарсы шыққысы келетіндер болмаса», — деді.

Оның айтуынша, Украина тек соғысушы тараптар бақылауындағы аумақтарды бөлетін сызық қай жерден өтуі керегі жөнінде талқылауға дайын.

Бұған дейін Украина АҚШ-пен жүргізген келіссөздерде бейбіт жоспардың көп бөлігін мақұлдаған. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, бастапқыда 28 тармақтан тұрған жоспар 22 тармаққа қысқарған, шешілмеген мәселелер территория және Украинаның НАТО-ға кіруі.

АҚШ билігі Украинаның 27 қарашаға дейін Вашингтонмен бейбіт келісімге қол қоюын күткен. Ермак Зеленский Трамппен «мүмкіндігінше тез» кездескісі келетінін, бірақ әзірге кездесудің болмағанын айтты.

Бұған дейін Владимир Путин Украина әскерлері қазіргі жаулап алынған аумақтардан шыққанда ғана соғыс аяқталатынын, ал шықпаса, Ресей оны «қарулы жолмен орындататынын» мәлімдеген.

Yorumlar
Diğer Haberler