«Медиа қылмыскер». Ақ үй жалған ақпарат таратқан БАҚ-тарды “әшкерелеуді” бастады

738
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pcKecFw1C0zQbPFlDjIriczdNLTdNATaFl7pY781.jpg

АҚШ президентінің әкімшілігі Ақ үйдің ресми сайтында президент Дональд Трамп туралы «жалған жаңалықтар» таратқан деп айыпталған медианың тізімі жарияланатын жаңа бөлімді іске қосты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левиттің айтуынша, бұл шешімнің мақсаты – «жалған жаңалықтарды» бұрын-соңды болмаған деңгейде жауапкершілікке тарту.

Жаңадан пайда болған «Біржақты және жаңылыстыратын ақпаратты әшкерелеу» бөлімінде «Аптаның медиа қылмыскері», «Ұят тақтасы», «Көшбасшылар тақтасы», «Рецидивистер» сынды айдарлар бар.

Тізімге АҚШ пен Ұлыбританияның ең ірі ағылшынтілді телеарналары, ақпараттық агенттіктері, жаңалық порталдары мен газеттері енген. Олардың ішінде MSNBC, CBS News, ABC News, BBC, CNN, The Washington Post, The New York Times, The Wall Street Journal, Politico, Axios, Associated Press, The Hill, The Boston Globe, The Independent, Los Angeles Times және USA Today бар.

«Ұят тақтасы» атты бетте Washington Post, CBS News, CNN және MSNBC секілді басылымдар көрсетілген. Әкімшілік нұсқасы бойынша, бұл медиа ұйымдар жалған деректер немесе контексті бұрмалайтын материалдар жариялаған.

Ерекше назар «Аптаның медиа қылмыскері» айдарына аударылған. Онда тағы да CBS News, сондай-ақ Boston Globe және британдық Independent аталады. Әкімшіліктің мәлімдеуінше, бұл басылымдар президент Трамптың демократтарды жауапкершілікке тарту жөніндегі үндеулерін бұрмалаған.

Бұған дейін АҚШ президенті BBC тілшілерін өзінің сөзін бұрмалап, 2024 жылғы президент сайлауының қорытындысына ықпал етуге тырысқан деп айыптаған еді.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler