Бас прокуратура Ербаян Мұхтардың ісін толық өз бақылауына алды

483
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1aOn2e742KsL3S45KEHp1oxywOOr4QhHJ8Actdgu.webp

Бас прокуратура әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың ісін толық өз бақылауына алып, барлық материалды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның адвокаты Инга Иманбай жазды,  деп хабарлайды “Адырна”.

«Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр.

Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз», – деді ол.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алғаннан кейін, комаға түскен. Министрлік оның азаматтық емханада қаралуына рұқсат бергенімен, емхана біраздан соң сарбазды үйге шығарып жіберген. Осыдан кейін оның отбасы қазақстандықтардан көмек сұрап, Ербаянның еміне қаржы жинауға шот ашқан. Халық 140 млн теңге жинаған соң оған Ыстанбұлда ота жасалды. Еррбаян Түркияда ем алғаннан кейін жақында ғана Қазақстанға оралған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler