615 адам. Өзбекстан Конституция күніне рақымшылық жариялады

220
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7zuctRRJe0ST6HK9xO11K6cb31LAfRLXoooo1nJc.webp

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 8 желтоқсанда атап өтілетін Конституция күніне орай 615 адамға кешірім жасау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

Жарлықта атап өтілгендей, кешірім алғандар — жасаған ісіне шын жүректен өкініп, түзелу жолына түскені анықталған азаматтар. Олардың ішінде 220 адам толықтай жазадан босатылды. Тағы 123 адам шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтемеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар 97 сотталушыға қолданылған бұлтартпау шарасы жеңілдетілсе, 175 адамның бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды.

Кешірімге іліккендердің қатарында 9 шетел азаматы, 29 әйел, 23 ер адам, 30 жасқа дейінгі 264 жас және тыйым салынған ұйымдардың тоғыз қатысушысы бар.

Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік органдарға кешірім жасалған азаматтардың отбасына оралуына, қоғамға бейімделуіне, жұмысқа орналасуына және салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау жөнінде арнайы тапсырмалар берілді.

Бұл қадам Өзбекстанда жыл сайын Конституция күні қарсаңында жүргізілетін гуманитарлық шаралардың жалғасы.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler