Димаш ҚазҰМУ-дың "құрметті профессоры" атанды

505
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EA6LVwzWLA9hMi4ulRODkeXpb7XdjLHv2Qif1bVF.jpg

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің "құрметті профессоры" атанды. Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

17 желтоқсанда өнер иесі университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамымен кездескен. Кездесу аясында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры атағын табыстаған.

Мотивациялық кездесуде Димаш Құдайберген өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы ой бөліскен.

«Мен адамды ең алдымен рухани байлығымен бағалаймын. Талант пен кәсіби қабілет одан кейінгі нәрсе. Егер ішкі негіз болмаса, қандай жетістікке жетсең де, оның салмағы сезілмейді. Сіздер өте қиын әрі жауапты жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Бұл үздіксіз ізденісті, өз-өзіңе талап қоя білуді қажет етеді. Меніңше, нағыз жұлдыздар - дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады», – деді әнші.

 

 

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler