Өзге ұлтты жамандамаңыздар!

198
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W3lnIiGxdHXMizxgiKi96INfEb4d8YUVbVh7wJSx.jpg

Кешеден бері әлемді жылатқан құлыншақтың суретін көрген сайын жүрегім шым ете қалады. Бүкіл әлеуметтік желі 10 жасар Қобилджонның қазасына қабырғасы қайысып күңірене жазуда. Тәжік баласы жан тапсырар алдында, “дадааа” деп ышқына айқайлаған. Бірнеше жыл бұрын қайтыс болған әкесін шақырғаны ғой.

Анасы осыдан төрт жыл бұрын Ресейге нәпақа табамын деп келген екен. Күйеуі қайтыс болғаннан соң екі баланы асыраймын деп, дәл ұлының мектебіне еден жуушы болып жұмысқа кірген. 

Балақайды зұлымдықпен өлтірген сол мектепте оқитын 9 сынып оқушысы Тимофейді қамаққа алды. Бұл жауыз негізі алдын-ала осы қанды оқиғаға дайындалып жүрген деседі. Өзінің әр жазбасында ұлтшыл екенін және өзге ұлтты жек көретінін ашықтан-ашық жазып отырғанын сыныптастары да айтуда. Сонда деймін де психологтар қайда қараған? Оған дем беріп, қостап отырған қатарластарын да жауапкершілікке алу керек деп жатыр желідегілер. Мектепке кіріп барлығынан “ұлтың кім?” деп сұраған бейнежазбасынан-ақ байқалады өзге ұлтты жек көретінін.

Қобилджонның ізінен қуып жетіп *лтіргенін өзі арнайылап түсірген. Қайдан өшпенділік бұл 16 жастағы оқушыда дейсің ызаланып.

Бүгін құлыншақтың денесін жер қойнына өз туған жеріне тапсырды. Ресейдегі бүкіл мұсылман қауым балақайдың шығынын мойнына алып, Тәжікстанға жеткізді.

Сыныптастарының айтуынша Қобилджон замандастарын аман алып қалу үшін әдейілеп сыртқа қарай қашқан деседі. Періштенің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! 

upd: осы үшін ғой мен үнемі жазатыным: «Ұлтқа бөлінбейік! Ұлтымызды жақсы көрейік, ал өзге ұлтты құрметтейік» деп.

Егер де үйде ата-ана өзге ұлттың нәсілін, дінін құрметтемей жек көріп күнде жамандап отырса, бала да соның айтқанымен бойына өшпенділік жинайды. Сол үшін үйде балаларыңызға өзге ұлтты жамандамаңыздар! Қайта мейірімділікке баулыңыздар.

Бибігүл Дәулетбекқызы

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler