Тағайындалғанына 2 ай болған. Қазақ елшісі Трампқа сенім грамотасын тапсырды

229
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LgZOEosJlqSeFDdCT4TZHGeZucM1jOGrHrdQfVEL.jpg

Қазақстанның жаңа тағайындалған елшісі АҚШ президентіне сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Республиканың АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ильясов Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елші Мағжан Ильясов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында да жариялады.

"Президент Трампқа сенім грамотасын тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуға өз үлесімді қосуға дайынмын. Вашингтонда өткен C5+1 саммитінің нәтижелеріне, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Дональд Трамптың Ақ үйдегі екіжақты кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сүйене отырып, бұл әріптестікті жаңа деңгейге көтереміз. Қазақстан мен АҚШ арасындағы бірлескен жұмысты асыға күтемін", – деп жазды Мағжан Ілиясов Х парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, Ақ үйде Қазақстан елшісінің АҚШ Президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

Мағжан Ильясов АҚШ-тағы елші болып, 2025 жылдың 20 қазанында тағайындалған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler