Президент тоқтатса да Көкжайлауда курорт салынуы мүмкін

254
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MAvkTpiDhILk3AVl0xHK1qyPnN5bppKUEDTboxu1.jpg

Көкжайлау шатқалында тау-шаңғы курортын салу көзделуде. Жобаның егжей-тегжейін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Туристік кешенді іске қосу 2028 жылдың соңы – 2029 жылдың басына жоспарланған.

Almaty Superski курортының бас жоспарына сәйкес (аумағы – 1 мың гектар), шатқалда жалпы ұзындығы 60 км болатын тау-шаңғы трассалары салынады. Олар Күмбел және Үш бауыршыңдарын қамтиды. Маршруттардың 70%-ы жасанды қар жүйесімен жабдықталады. Курорт аумағында 16 көтергіш жұмыс істейді.

Трассалардың күрделілік деңгейі төрт санатқа бөлінбек. Курорттың өткізу қабілеті күніне 10 мың шаңғышыға, ал жылдық туристер ағыны 9 млн адамға дейін жетеді деп күтілуде.

Сонымен қатар аумағы 20 гектар болатын 6,5 мың орындық шале мен қонақүйлерден тұратын туристік ауыл салу жоспарланған. Жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты тұрғын кешендер қарастырылмайды.

Жобаның жалпы құны әлі есептеліп жатыр. Алматыда қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр, ол келесі жылдың басында өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Көкжайлаудағы тау-шаңғы курортының құрылысы биыл басталатынын хабарлаған еді.

Көкжайлау аумағында тау-шаңғы курортын салу жобасы туралы алғаш рет 2000-жылдардың басында кеңінен айтыла бастаған еді. Ол кезде бұл бастаманы BONITA компаниялар тобы жүзеге асырмақ болғанымен, инвестор табылмаған. Билік 2011 жылы жобаға қайта оралып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге бюджеттен алғаш рет қаржы бөлген.

Бұған жауап ретінде экологтар мен белсенділер петициялар ұйымдастырып,. деректі фильмдер түсірген еді. Одан бөлек, халықаралық ұйымдарға жүгініп, сотқа талап-арыздар берген. Бұл күрес 2019 жылға дейін жалғасты. Сол жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлауда курорт салуға тыйым салып, бұл жобаның «қажет емес» екенін мәлімдеген.

Сурет: adamdar.ca

Yorumlar
Diğer Haberler