Молдова «Орыс үйінің» қызметін тоқтатады

222
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3Rj2ohgMd2gxEmSMmkrWUIbzEEY1AQu6X7aQB2x0.webp

Молдова билігі Кишиневте жұмыс істеп келген «Орыс үйі» – Ресей ғылым және мәдениет орталығының қызметіне негіз болған мемлекетаралық келісімді бұзу (денонсациялау) туралы Ресей тарапын ресми түрде хабардар етті. Бұл туралы журналистерге Молдованың сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, Ресей жағы бұл шешім туралы әлдеқашан хабарланған. Қолданыстағы келісім ережелерінің мерзімі аяқталатын 2026 жылдың маусым айының соңы – шілде айының басында келісім ұзартылмайды. Бұл құжаттың заңды күші тоқтатылатынын білдіреді. Осы мерзім өткеннен кейін орталықтың Молдова Республикасында қызметін заңды түрде жалғастыруға негізі болмайды. Попшой халықаралық құқыққа сәйкес Ресей тарапы бұл талаптарды сақтауға міндетті екенін де атап өтті.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресейдің Кишиневтегі елшілігі Молдова СІМ-інен аталған келісімді тоқтату ниеті туралы нота алғанын растаған болатын. Оның сөзінше, Кишиневтегі «Орыс үйі» 2026 жылғы 4 шілдеге дейін жұмысын жалғастырады.

Кишиневтегі «Орыс үйінің» қызметіне қатысты Ресеймен жасалған келісімді денонсациялау туралы шешімді Молдова президенті Майя Санду мақұлдады. Ел үкіметінің хабарлауынша, келісімнен шығу үшін тараптардың бірі оның келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылуынан бас тартуы қажет. Аталған келісім 2021 жылғы 4 шілдеде күшіне енген, сондықтан Молдова одан 2026 жылғы 4 шілдеден кейін ресми түрде шыға алады.

Yorumlar
Diğer Haberler