"Қандас" мәртебесін алу үшін жеті мыңға жуық өтініш түскен

329
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KFGDiDoH7aOdQ5jv0eLf1erMne8qEAHfsvsPsgax.jpg

Қазақстанда қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған Migration.enbek.kz порталы қызмет етуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы портал арқылы 18 639 өтініш өңделген. Ал тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 18 303 адамды құрайды.

Министрлік дерегінше, портал арқылы ең көп сұранысқа ие қызметтер қатарында этникалық қазақ мәртебесін алу, ішкі қоныс аудару, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бар.

Сонымен қатар, «Қандас» мәртебесін беру бойынша 6 928 өтініш түсіп, оның 3 859-ы мақұлданған. Ал еңбек шартына қол қою ниеті туралы келісім – 5 508 өтініш түссе, қоныс аударудың өңірлік квотасы бойынша 1 856 адам өтініш берген.

Ал 1330 адам көшуге арналған субсидия төлеу бойынша өтінім берген.

Ведомство өкілдері порталдың заманауи цифрлық шешімдер арқылы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты жеңілдетіп, шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған бизнес-үдерістерді де іске асырып отырғанын атап өтті.

Yorumlar
Diğer Haberler