115 жыл бұрын. «Айқап» журналының алғашқы саны жарық көрген күн

304
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iblufsKMpzoM6uorAgLlz19974a6yHkMzmfSyXsf.png

10 қаңтарда "Айқап" журналының алғашқы саны жарық көрген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Айқап» журналы 1910 жылы Мұхаметжан Сералиннің өтінішінен кейін патша өкіметінің рұқсатымен шығып, 1911 жылдың қаңтарында Троицк қаласында басылып шықты. Бұл басылым қазақ қоғамында оқу-ағарту, жер мәселесі, әйел теңдігі, отырықшылық пен өркениетке ұмтылу сияқты өзекті тақырыптарды алғашқылардың бірі болып көтерді.

Журналдың бас редакторы әрі негізгі ұйымдастырушысы Мұхаметжан Сералин болды. Оның жетекшілігімен «Айқап» қазақ демократиялық интеллигенциясының мінберіне айналды. Басылым беттерінде Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев сынды ақын-жазушылардың алғашқы еңбектері жарияланып, олар осы журнал арқылы елге танылды.

Патша өкіметінің қатаң цензурасына қарамастан, «Айқап» қоғамдық-саяси ойдың дамуына ықпал етіп, ұлттық сананың оянуына серпін берді. Журнал 1915 жылдың екінші жартысында жабылған.

Yorumlar
Diğer Haberler