Әскердегі өлім. Ұлттық ұлан сарбазының қазасына түсініктеме берді

306
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болуына байланысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомство хабарлауынша, әскери қызметші бөлімге 2025 жылдың 9 желтоқсанында келген. Алғаш рет 17 желтоқсанда медициналық көмекке жүгінген, содан кейін оған қажетті тексерулер мен талдаулар жүргізіліп, медициналық мамандардың тұрақты бақылауында болған.

29 желтоқсанда денсаулығының күрт нашарлауына байланысты оны ауруханаға жеткізу қажеттілігі туындаған. Дегенмен, сарбаз 2026 жылғы 6 қаңтарда жүрек қызметінің тоқтауынан қайтыс болды. Алдын ала диагноз – жедел лейкоз.

Бұл оқиға ерекше бақылауға алынғаны атап өтілді. Осы дерек бойынша әскери-тергеу департаменті қылмыстық іс қозғады, ал тергеу барысы әскери прокуратураның бақылауында жүргізіліп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler