ЕАЭО-ның ортақ нарығы елдегі бензин мен дизельді қымбаттатады

311
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vac1A5MttiMqUiwWuxqqQdxTNWP48g1Fdflo6VrA.webp

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы 2026 жылдың соңына дейін қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы мұнай нарығының сарапшысы Олег Червинский мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы orda.kz-ке сілтеп.

Сарапшының айтуынша, 2026 жыл жанар-жағармай бағасы салыстырмалы түрде төмен сақталатын соңғы жыл болуы мүмкін. Бағаның өсуіне негізгі себеп – 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығының іске қосылуы.

Червинскийдің сөзінше, бұл жөніндегі келісім 2025 жылғы 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қабылданған. Құжатқа сәйкес, ЕАЭО елдері мұнай өнімдері саудасының ортақ ережелерін қалыптастырып, жеткізілімдердің ашықтығын және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Алайда іс жүзінде бұл Қазақстанның ішкі нарықтағы жанармай бағасын Ресей мен Қырғызстан деңгейіне дейін көтеруіне әкелуі мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстанда бензин көрші елдермен салыстырғанда шамамен екі есе арзан.

Сарапшының пікірінше, баға айырмашылығы жанармайдың «сұр экспортын» туындатып отыр. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге назар аударып, Қазақстанның көрші елдерге арзан отын жеткізетін «көлеңкелі жеткізушіге» айналғанын айтқан болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler