"Солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе беру": Әділет министрлігі желіде тараған қауесетті жоққа шығарды

38
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8z63JVnFl9u5GEMMkD7OXbUqCL1JzFjHbHrkh5OF.jpg

Қазақстан Республикасының әділет министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады. 

Министрліктің хабарлауынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат таралған. Алайда ведомство бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аталған ақпараттың жалған екенін хабарлайды», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар министрлік жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Ведомство азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа ғана сүйенуге шақырды.

Yorumlar
Diğer Haberler