Абаев Ресейден Қазақстанға тартылатын жаңа газ құбырының іске қосылу мерзімін айтты

188
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xeUL9UmrXcetUOW0LtF06xqbg9Gbszz39UcmambX.jpg

Солтүстік өңірлерді газбен қамтуға арналған «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын 2030 жылғы 1 қаңтарда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". 

Жаңа газ құбырын салу жөніндегі меморандумға «Газпром» мен Қазақстан 2025 жылғы қазанда қол қойған. Ресми рәсім XIV Петербург халықаралық газ форумында өткен. Жобаға сәйкес, құбырдың өткізу қуаты жылына 10 млрд текше метрді, ал компрессорлық станциялардың қуаты 50 МВт-ты құрайды. Газ Батыс Сібір кен орындарынан жеткізіледі деп жоспарланған.

Бұған дейін газ құбырын Ресейден Қазақстанның солтүстік-шығысы арқылы Қытайға дейін тарту нұсқасы да қарастырылған. Қазақстан билігінің мәліметінше, бұл жоба бойынша талқылау жалғасуда. Алайда «Газпром» мен Қытайдың CNPC компаниясы «Сібір күші – 2» және Моңғолия арқылы өтетін транзиттік газ құбырын салу туралы заңды меморандумға қол қойғаннан кейін, сарапшылар аталған бағыттың тиімділігіне күмән келтіре бастады.

Yorumlar
Diğer Haberler