Нұрлан имам тағы да Ақ үйге барды

75
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/63uTBLotDpiweSQv1IHsAoo0Eh2Xr6K0by9lN5jC.jpg

Белгілі дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Байжігітұлы Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен дәстүрлі қайырымдылық іс-шараға барды. Бұл туралы имам әлеуметтік желідегі парақшасында  жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, шараға Дональд Трамптың өзі қатысып, әлемнің әр түкпірінен келген екі мыңға жуық тұлға бас қосқан.

Нұрлан имам бұл жиынның ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, жастардың білім мен ғылымға, өркениет пен мәдениетке ұмтылуы қажет екенін жеткізді.

«Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші Таңғы Ас рәсіміне келдім. АҚШ-президенті Трамп мырза өзі қатысатын ас екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын бұл ерекше жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса,алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат», – деп жазды имам.

Еске салсақ, 2024 жылы ақпан айында да АҚШ президентінің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өткен болатын. Халықаралық шараға Қазақстаннан Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысқан еді.

 

Yorumlar
Diğer Haberler