Комиссия TikTok желісін "қауіпті" деп таныды

203
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UadjVTtOG8mSAne6uiUhTBYqmpm61G0e6sN9PzTc.webp

Еуропалық комиссия TikTok платформасының интерфейсі пайдаланушылардың психикалық және физикалық денсаулығына зиян тигізуі мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ЕК алдын ала талдауында платформаның контентті үздіксіз тұтынуға итермелейтінін атап өтті. Жаңа бейнелер бірінен соң бірі шығып, пайдаланушыға саналы таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Сарапшылардың пікірінше, бұл "автопилот режимі" сияқты әсер жасап, компульсивті мінез-құлықты және өзін-өзі бақылаудың әлсіреуін тудырады.

Комиссия ерекше назарды әсіресе кәмелетке толмағандардағы тәуелділік белгілеріне аударды. ЕК мәліметінше, TikTok әзірлеушілері балалардың түнде сағаттап платформадан шықпай “залип” қалатынын елеусіз қалдырады.

«Әлеуметтік желіге тәуелділік балалар мен жасөспірімдердің дамып келе жатқан миына зиян келтіруі мүмкін. Цифрлық қызметтер туралы заң платформаларды пайдаланушыларға ықпал етуге жауапты етеді. Еуропада біз балаларымыз бен азаматтарымызды интернеттегі зияннан қорғау үшін заңнаманы орындауды қамтамасыз етеміз», — деді ЕК технологиялық тәуелсіздік, қауіпсіздік және демократия мәселелері бойынша атқарушы вице-президенті Хенна Вирккунен.

Yorumlar
Diğer Haberler