Әлемдегі ең бай адам. Илон Масктің байлығы 852 млрд доллардан асты

218
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vGtYrmZJI9TfRgAWBwoKukErFIrybmzsG5vQ4wAX.jpg

Америкалық кәсіпкер Илон Маск кезекті рекордын жаңартты.Оның байлығы 852 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды "Адырна".

Мұндай байлық тарихта ешкімде болмаған. Соңғы төрт айда бұл Масктің төрт рет рекорд жаңартуы. 

Масктың байлығы оның SpaceX пен xAI компанияларының бірігуінен кейін күрт артқан. Біріккен компанияның құны 1 триллион 250 миллиард доллар деп бағаланды. 

Аталған келісім кәсіпкердің таза байлығын 84 миллиард долларға арттырған. 

Қазіргі таңда SpaceX — Илон Масктың ең қымбат активі саналады. Компанияның нарықтағы құны 542 миллиард доллардан асады. 

Сонымен қатар, ол Tesla компаниясының 12 пайыз үлесіне ие. Forbes мәліметінше, Масктың әлемдегі алғашқы триллионер атанатын күні алыс емес.

Yorumlar
Diğer Haberler