«Өмірін сақтандырғысы» келгендер алаяққа 620 млн теңге жинап берген

187
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті тағы бір заңсыз инвестицияның жолын кесті: бұл жолы азаматтарды 8 жыл бойы алдап келген азамат қолға түсті, деп хабарлайды "Адырна".

«Күдікті 2013–2021 жылдар аралығында «Partners & Consultants» атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы өмірді сақтандыру бағдарламалары мен жинақтаушы сақтандыру салымдарына инвестиция салуға болады деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденіп отырған. Дәлірек айтсақ, ол азаматтардан алған ақшаның үстіне 12% сыйақы қосып беремін деп, ақшаларын өзіне бағынатын «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС щоттарына салдырып отырған», - деп хабарлайды ҚМА.

Аңқау халықты сендіре түсу үшін ол олардың қолдарына ойдан жасап шығарған халықаралық сақтандыру бағдарламасы мен жалған сертификаттарды ұстатып отырған.

«Сол сертификаттарға сенген 270 азамат 620 млн теңгесін салған. Ал, күдікті ол ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, қымбат көлік пен қымбат үй сатып алған», - деп хабарлайды ҚМА.

Қазір күдікті қамауда.

Yorumlar
Diğer Haberler