АҚШ қарулы күштері Иранға қарсы әскери операцияның алғашқы 24 сағатында шамамен 779 млн доллар жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл 2026 жылға арналған әскери бюджетінің шамамен 0,1%-ын құрайды.
Анадолы агенттігінің мәліметінше, шығындардың ең үлкен бөлігі Tomahawk қанатты зымырандарын ұшыруға жұмсалған. Яғни, шамамен 340,4 млн доллар жұмсалса, жойғыш ұшақтардың әуе рейстеріне 271,3 млн доллар кеткен.
Сондай-ақ HIMARS реактивті жүйелерін пайдалану, барлау жұмыстары мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге шамамен 122,2 млн доллар жұмсалған.
Еске салайық, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастаған. Шабуылдар елдің ірі қалаларын, соның ішінде Тегеранды қамтыды.
