«Көңілім толмайды». Трамп кіші Хаменеидің билікке келуін қаламайды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AVb7qDgT7yKfOW5nOzFvCYufqHJypsYbsqx2WI8D.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Моджтаба Хаменеи Иранның келесі жетекшісі болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна".

Fox News телеарнасындағы хабарда айтылғандай, Трамп бұл жаңалыққа қысқаша реакция білдіріп, «Менің бұған көңілім толмайды» деп мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған дейін де Трамп Моджтаба Хаменеи Иранның жоғарғы көшбасшысы болуы мүмкін деген ықтималдықты сынға алып, мұндай шешімді «қабылдауға болмайды» деп атаған.

Айта кетсек, бұған дейін Иранның сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді елдің жаңа Жоғарғы көшбасшысы етіп тағайындағанын хабарладық. Ол – елдің бұрынғы жоғарғы жетекшісі Әли Хаменеидің екінші ұлы.

Yorumlar
Diğer Haberler