Филология және цифрлық дәуір: мектеп тәжірибесіндегі шет тілдері онкүндігі

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BzvOYcXTQsHU7EKdVoa7ZYOewnAd5J6lLGq77iJX.jpg

Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен тығыз байланысты жаңғыру кезеңін бастан өткеруде. Ақпараттық қоғамда шет тілдерін меңгеру тек коммуникативтік қажеттілік қана емес, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін маңызды құралға айналды. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту және шығармашылық әлеуетін арттыру – қазіргі педагогиканың өзекті бағыттарының бірі.

Осы мақсатта мектепте 23.02-05.03.2026ж.«Филология және цифрлы дәуір» тақырыбында шет тілдері пәні мұғалімдерінің онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндік шеңберінде өткізілген іс-шаралар оқушылардың тілдік білімін тереңдетуге, цифрлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ педагогтердің тәжірибе алмасуына бағытталды.

Онкүндіктің басты мақсаты – шет тілдерінің қазіргі цифрлық қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды саналы әрі жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Сонымен қатар жоспарланған іс-шаралар цифрлық ресурстарды шет тілдерін үйрену барысында тиімді пайдалану, топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру, филология ғылымының қазіргі даму бағыттарымен таныстыру және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру міндеттерін жүзеге асыруға бағытталды.

Онкүндік салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Ашылу барысында филология пәндерінің білім беру жүйесіндегі орны мен цифрлық дәуірдегі маңызы туралы айтылып, оқушылар мен мұғалімдерге алдағы іс-шаралардың мазмұны таныстырылды. Бұл іс-шара оқушылардың тілдерге деген қызығушылығын арттырып, онкүндік бағдарламасының маңыздылығын айқындады.

Онкүндік аясында өткізілген «Сандық ғасырдағы сөз мәдениеті» атты семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинар барысында қазіргі білім беру кеңістігінде цифрлық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде пайдалану жолдары және тіл мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.
Бағдарлама бойынша әртүрлі сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар мен интеллектуалдық жарыстар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.

Мәселен, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Vocabulary Quiz» іс-шарасы сөздік қорды дамытуға бағытталса, 6-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Who knows English well?» интеллектуалдық жарысы оқушылардың тілдік білімін, логикалық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар онкүндік барысында бірқатар ашық сабақтар өткізілді. Мысалы, «Where do animals live?», «Peter Pan», «My favourite food», «A funny character» сияқты тақырыптардағы сабақтарда мұғалімдер оқытудың интерактивті әдістерін, мультимедиялық ресурстарды және цифрлық платформаларды қолдану арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық тәсілдерді көрсетті. Бұл сабақтар оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кешенді түрде дамытуға ықпал етті.
Онкүндік аясында өткізілген «Ертегілер елінде. In Fairyland» атты сыныптан тыс іс-шара мен «Язык родной, дружи со мной» атты тілдер турнирі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көптілділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына арналған «Литература и искусство» атты ауызша журнал мен «Three languages – One Future. Үш тіл – бір болашақ» атты лингвистикалық жарыс тілдердің қоғамдағы маңызын түсіндіруге, үштілділік саясатының мәнін ашуға және оқушылардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Онкүндік бағдарламасының қорытынды кезеңінде салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Бұл кезеңде өткізілген іс-шаралардың нәтижелері талданып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Онкүндік аясындағы маңызды мәдени іс-шаралардың бірі – салтанатты жабылу рәсімі болды. Бұл кеш «Сөз патшалығы мен саз әлемі» атты әдеби-сазды кездесу форматында ұйымдастырылды. Іс-шараның құрметті қонағы – әнші-композитор, термеші, мәдениет қайраткері Естай Әликеев болды.

Кездесу барысында өнер иесі оқушыларға ұлттық өнердің, дәстүрлі ән мен терме өнерінің маңызы туралы айтып, өзінің шығармашылық жолы мен өнердегі тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар кеш барысында қонақтың орындауындағы әндер мен термелер оқушыларға ерекше әсер қалдырды.

Аталған мәдени кездесу оқушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Жалпы алғанда, оқушылар мен қонақ арасындағы кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды өтті. Бұл шара онкүндіктің қорытындысын айшықтап, филология мен өнердің өзара байланысын көрсеткен маңызды мәдени оқиғаға айналды.

Қорыта айтқанда, «Филология және цифрлы дәуір» тақырыбындағы шет тілдері онкүндігі оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға, олардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға және мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берген маңызды білім беру алаңы болды. Мұндай іс-шаралар қазіргі білім беру жүйесінде филология пәндерінің рөлін арттырып, көптілді және цифрлық сауатты тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Алматы қаласы,Әуезов ауданы,

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия,

Филология кафедрасының меңгерушісі

 Жусупова Жанаргүл Алибековна

Yorumlar
Diğer Haberler