Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Жолмырзаұлы Кенжебеков тағайындалды.
Төлеген Кенжебеков 1986 жылы туған. Білімі жоғары, Жетісу мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», Құқық және экономика академиясында «заңгер» мамандықтары бойынша білім алған. Жетісу мемлекеттік университетінде «мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде бастаған.
Әр жылдары Алматы облысының Ішкі саясат, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының бас маманы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде бөлім консультанты, бас маман, басқарма басшысы, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қызметтерін атқарған. Бүгінге дейін Қонаев қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті
Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
10.03.2026
Yorumlar
