Жоғары белсенділік пен мінсіз ұйымдастыру: бақылаушылар республикалық референдум туралы пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eU9WBvL1R21v8gXlqVuF8LT0RlfIiH8htcGjx8FP.jpg

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның барлық аумағында жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өтті. Күн бойы барлық сайлау учаскелерінің бақылаушылары өз борышын орындауға ниет білдірген азаматтардың үлкен ағынына куә болды.

Тәуелсіз бақылаушылар, азаматтық қоғам өкілдері және халықаралық сарапшылар дауыс беру процесстерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, процедуралардың ашық болғанын және айтарлықтай бұзушылықтардыңтіркелмегенін растады.

«Ел дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі, танымал блогер Аида Жексенованыңайтуынша, бақылаушылар күні бойы дауыс беру учаскелеріне халықтың көп келіп жатқанын атап өткен екен. Оның айтуынша, кей жерлерде адамдар учаске ашылмай тұрып жинала бастаған, ал дауыс берушілердің ағыны тұрақты болған. Келгендер арасында егде жастағы азаматтар, студенттер және жастар көп байқалды.

Сонымен қатар, Аида Жексенова «Ел дауысы» қорының бақылаушылары 32 қалада жұмыс істегенін және азаматтардың референдумға шынайы қызығушылық танытқанын жеткізді.

Өңірлерде үлкен белсенділік тіркеліп, үлгілікұйымдастыру қамтамасыз етілген. Түркістан облысында «Дауыc» бақылаушылар коалициясы 922 сайлау учаскесін қамтыған. Облыстық бөлімшенің жетекшісі Бақытжан Әшірбаев барлық бақылаушылар сағат 5:45-тен бастап учаскелерге келіп, дайындық жұмыстарын бастағанын хабарлады.

Дауыс беру күніне дейін бақылаушылардың барлығына тиісті нұсқаулық беріліп, олар арнайы оқытудан өткен. Әшірбаевтың айтуынша, мұндай алдын ала дайындық сайлау процесін жүйелі және сапалы бақылауға мүмкіндік берген.

Павлодар облысында «Дауыc» коалициясының жергілікті филиалының жетекшісі Алма Қозбаеваның айтуынша, бақылаушылар үшін әрбір кезеңнің ашық әрі әділ өтуі ерекше маңызға ие болған. Бақылаушылар учаскелерді, соның ішінде мүгедектер үшін қолжетімділікті алдын ала тексерген. Күннің қорытындысы бойынша Алма Қозбаева азаматтардың жақсы көңіл-күйі мен ерекше көп келуін атап өтті.

Қарағанды облысында «Дауыc» коалициясының филиалының жетекшісі Дмитрий Полтаренко барлық учаскенің дұрыс жабдықталғанын, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдайдың қарастырылғанын хабарлады. Полтаренконың пікірінше, тәуелсіз бақылаушылардың белсендіжұмысы азаматтардың сайлау процесіне деген сенімін арттыруға және Қазақстандағы демократиялық институттарды дамытуға септігін тигізді.

Көкшетауда «Ел Дауысы» қорының бақылаушысы Элеонора Далабаева күні бойы азаматтарды мемлекеттегі өзгерістерге бейжай қарамауға және өз дауысын беруге шақырды.

Тараздағы №494 сайлау учаскесінде бақылаушы Гаухар Сайлаухан комиссия өз жұмысын заңнамаға толық сәйкес жүргізгенін, әрбір кезеңнің бақыланып отырғанын және учаске ашылғаннан бастап дауыс беруге келгендердің кезегі көп болғанын растады. Бірінші келгендерге естелік сыйлықтар беріліп, алғаш рет дауыс берушілерге ерекше көңіл бөлінді.

Орал қаласында жұмыс істеген бақылаушы Әлия Сәлиева да процесс әділ әрі ашық өткенін растады.

Республикалық референдум Қазақстанныңазаматтық қоғамының есейгенін көрсетті. Дауыс беруге ерекше жоғары қатысу, учаскелердегі тәртіп және тыңғылықты дайындалған тәуелсіз бақылаушылармен қамтамасыз ету – азаматтардың дауыс беруді жеке жауапкершілік пен саналы азаматтық таңдау ретінде қабылдағанын дәлелдеді. Бақылаушылардың барлығы дауыс беру кезінде айтарлықтай заң бұзушылықтар тіркелмегенін бір ауыздан атап өтті.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler