Референдум – 2026. Сайлау комиссиясы алдын-ала нәтижені хабарлады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Z4W7Z1JAZXgBlCWoZCA0g8g07XwMXqSRlTLZtUkr.jpg

Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға Қазақстанда және шетелде барлығы 9 127 192 адам қатысты немесе 73,12%-ды құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Олардың ішінен «қолдаймын» деп дауыс бергендер – 7 954 667 адам немесе 87,15%. Ал «қолдамаймын» – 898 099 адам. Осылайша, референдум өтті деп есептеледі, өйткені дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысқан.

Айта кетсек, Бұған дейін Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланған еді. Онда қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

 

Yorumlar
Diğer Haberler