Аралда электр энергиясы толық өшіп қалды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WLazlzZjWTJecafP12WHYKev3ygRzNsBFwUYw7X7.webp

Куба аралында 10 миллионға жуық тұрғын тұратын елде дүйсенбі күні электр қуаты толық өшті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы кубалық электрожүйелер оператор компаниясы UNE хабарлады. Компания нақты себептерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аралдағы электр энергиясын өндіру және тарату жүйесі қатты тозған, бұған дейін де үзілістер болып отырған. Қазіргі жағдайды ушықтырып отырған басты себептердің бірі – электростанцияларға қажетті отынның жетіспеушілігі.

Сауда-экономикалық санкциялар аясында, АҚШ тарапынан Кубаға қатысты мұнай блокадасы енгізілген. Жыл басында Венесуэла лидері Николас Мадуроның АҚШ тарапынан қамауға алынуы нәтижесінде Кубаға мұнай мен мұнай өнімдерінің жеткізілуі іс жүзінде тоқтаған.

AFP агенттігінің хабарлауынша, аралдың әртүрлі аймақтарында бірнеше сағатқа созылатын үзілістер әдетке айналған. Наурыз басында елдегі негізгі электростанциядағы ақау салдарынан аралдың екі үштен бір бөлігі электрсіз қалған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, биыл Куба порттарына тек екі кішкентай жанармай кемесі келген.

Энергетикалық дағдарыс нәтижесінде Кубадағы халық пен мемлекеттік мекемелер ұзақ уақытқа электр қуатынан айырылып, әлеуметтік және экономикалық салаға кері әсер етіп отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler