Сотталған әкім орынбасарының жазасы жеңілдетілді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SQUyj0jIlgGY7KTieScH1KMQadQF9ETbP2OwoYrQ.jpg

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот оның жаза түрін бостандығын шектеуге ауыстырды.

16 наурыз күні Атырау қаласының №2 соты пробация қызметінің ұсынысын қарап, тиісті шешім қабылдаған. Сот мәліметінше, Хаменова жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі ішінде, яғни 2026 жылғы 10 наурызға дейін заң бұзбаған және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.

Осыны ескерген сот қалған жаза мерзімін бостандығын шектеумен алмастырып, оған пробациялық бақылау белгіледі.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова 2022 жылдың қараша айында пара алу ісі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Іс 4,5 млн теңгеге байланысты болған. Бұл қаражат Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату жобасына қатысты делінген. Сонымен қатар, сот оның мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырған.

Алайда кішкентай балаларының болуына байланысты жаза өтеу үш жылға кейінге қалдырылған еді. Хаменова өз кінәсін мойындамай, үкімге шағым түсіргенімен, сот шешімі өзгеріссіз қалған.

Сондай-ақ, бұған дейін оның тойда жүрген видеосы әлеуметтік желіде тараған. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайда сотталған адамға іс-шараларға қатысуға заң бойынша тыйым салынбайды. Хаменова мұндай шараларға пробация қызметінің рұқсатымен барған.

Yorumlar
Diğer Haberler