Қазақстандық журналист екі айға үйқамаққа алынды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jr9ksQNle7Ghk8NckhhS1atnIHC40ge05MxXk7ox.png

Сот журналист Ботагөз Омароваға қатысты бұлтартпау шарасын таңдап, оны екі ай мерзімге үйқамаққа алу туралы санкция берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, журналист Жәния Ұранқаева бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, Омарованың тұрғылықты мекенжайында тінту жұмыстары жүргізіледі.

Бұған дейін Ботагөз Омароваға қатысты жалған ақпарат тарату белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болған еді. Алғашында ол тергеуге қорғау құқығы бар куәгер ретінде шақырылған.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler