Алматының ортасында көлік апаты болды. 3 адам қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Алматы қаласында ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Zeekr электр көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-пен соқтығысты.

Полиция мәліметі бойынша, қақтығыс 21 наурыз күні сағат 03:30 шамасында Әл-Фараби мен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында болды. Медеу ауданындағы оқиға кезінде Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Zeekr көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Yorumlar
Diğer Haberler