Украина әскері ірі шабуылды тойтарды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/92PYBHvvZjdKcCqYOCP7A8t4KMZHJd3MHE9PNu27.jpg

Украина қарулы күштері Ресей әскерінің Лиман–Боров бағыты бойынша жасаған ауқымды механикаландырылған шабуылын тойтарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Украинаның үшінші армиялық корпусы мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, Ресей әскері бір мезетте жеті бағыттан шабуыл жасап, 500-ден астам әскери қызметкер мен ондаған әскери техниканы тартқан. Шабуыл кезінде танктер, бронетехника және 100-ден астам мотоқұрал пайдаланылған.

Алайда украин бөлімшелері төрт сағатқа созылған ұрыста қарсы шабуылды тоқтатып, қарсыласқа айтарлықтай шығын келтірген. Алдын ала деректер бойынша, Ресей әскері 3 танк, 11 БМП мен БТР, 84 мотоқұрал және 160-тан астам дроннан айырылған. Сонымен қатар, бір тәулікте 400-ден астам әскери шығынға ұшырағаны айтылды.

Украина тарапының мәліметінше, қарсылас бірде-бір позицияны басып ала алмаған.

Yorumlar
Diğer Haberler