Ауладағы жанжал. Бір адам жарақат алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RGXXaE42WizIaYBmxPobTQQGUpbzjATuzRoNQMmr.webp

Ақтауда тұрғын үй ауласындағы жанжал салдарынан егде жастағы ер адам басынан жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 22 наурыз күні шамамен сағат 23:30-да болған.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалға екі жігіт пен екі қыз қатысқан. Олардың сөзінше, ер адам өзін агрессивті ұстап, жастарға шабуыл жасауға әрекеттенген, содан кейін төбелес басталған.

Жанжал барысында ер адам басынан жарақат алған. Оқиғадан кейін жанжалға қатысқандар оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен полиция қызметкерлері жетіп, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Полиция қазіргі уақытта төрт күдіктінің жеке басын анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler