"Антисемиттік өшпенділік". Төрт жедел жәрдем көлігі өртелді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wg90MOXcxhM8PCTBj46AocDVnAD5P8md3os0troj.webp

Лондонның солтүстігінде еврей қауымына тиесілі төрт жедел жәрдем көлігін өртеу оқиғасы антисемиттік өшпенділік негізіндегі қылмыс ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Лондон метрополитен полициясы мәлімдеді.

Оқиға 23 наурызға қараған түні Голдерс-Грин ауданындағы Хайфилд-Корт көшесінде болған. Лондон өрт сөндіру бригадасы шақырту бойынша жеткен кезде еврей қауымының «Hatzalah» жедел қызметіне тиесілі төрт көліктің жанып жатқанын анықтаған.

Өрт кезінде көліктердегі бірнеше газ баллоны жарылып, жақын маңдағы тұрғын үйдің терезелері сынған. Тілсіз жау 03:06 шамасында толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланып, аудан жолдары уақытша жабылды.

Тергеу барысында полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, үш күдікті іздестірілуде.

Құқық қорғау органдары діни қауым өкілдерімен байланыс орнатып, ауданда қосымша патрульдеу жұмыстарын күшейткен.

Yorumlar
Diğer Haberler