Қырғызстан тарихында алғаш рет өз ұлттық валютасын басып шығара бастады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/O4CAaSHK9GItvoWilpbX1lAKoVxY4SehB69b8TtS.webp

Қырғызстан тарихында алғаш рет өз ұлттық валютасын басып шығара бастады. Бұл туралы Садыр Жапаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Қырғызстан басшысының айтуынша, бұған дейін ел ұлттық валютасын шетелде басып шығаруға тапсырыс беруге мәжбүр болған.

"Енді бәрі өзгерді: біз сондай деңгейге жеттік, енді өзіміз басқа мемлекеттерге де валюта басып шығара аламыз. Ақша өндіру кезінде барлық қажетті стандарттар мен талаптарға сәйкестікті растайтын халықаралық сертификат алдық", — деп жазды ол.

Оның атап өтуінше, Қырғызстан жоғары сапада жалпы азаматтық паспорттар, ID-карталар, жүргізуші куәліктері және көлік құралдарының техникалық паспорттарын шығарып келеді.

"Біз басқа елдер үшін тек валютаны ғана емес, түрлі мемлекеттік құжаттарды да басып шығаруға дайынбыз. Қазіргі уақытта бірнеше мемлекеттен тапсырыстар қабылданып жатыр. Сертификаттың арқасында өніміміздің қорғанысы ең жоғары деңгейде. Яғни мұндай құжаттарды қолдан жасау мүмкін емес. Сонымен қатар бағалары да қолжетімді", — деп қосты Садыр Жапаров.

Еске салайық, 2023 жылы Қырғызстан тарихында алғаш рет өз ұлттық паспорттарын басып шығара бастады. Сондай-ақ 2025 жылдың сәуірінде ел басқа мемлекеттердің паспорттарын шығаруды қолға алған. Бұдан бөлек, өткен жылдың 3 қарашасынан бастап елде жаңартылған дизайн мен күшейтілген қорғаныс элементтері бар 2025 жылғы үлгідегі жалпы азаматтық паспорттар мен ID-карталар айналымға енгізілді.

Yorumlar
Diğer Haberler