Журналистің желідегі жазбасы үшін арыз түскен

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/083OVTedd6sR1r9KE2NfnigM6ZvO0b7kvCK2Q0A4.webp

Сарыарқа аудандық полициясына әлеуметтік желідегі жазбаға байланысты азаматқа қатысты шағым түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы автор Танагөз Толқынқызы өзінің парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 7 наурыз күні Facebook желісінде жарияланған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген жазбасына байланысты белгісіз азаматтан арыз түскен.

Полиция өкілдері автордан 31 наурыз күні таңғы сағат 10:00-де бөлімшеге келуін сұраған.

Жазба иесі құқық қорғау органдарына адвокатсыз бармайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта тұрақты табысы жоқ екенін, адвокат жалдауға қаржылық мүмкіндігі шектеулі екенін жеткізген.

Осыған байланысты ол заңгерлік шығындарды жабу үшін өз кітаптарын сатуға ниетті екенін мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler