Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі. Рота командирі қызметіне салғырт қарады деп айыпталуда

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Гвардейск гарнизонында сарбаздың қаза табуына байланысты әскери бөлім ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ведомство мәліметінше, биыл 27 қаңтар күні сарбаз Е. Рустемұлының қаза болу себептерінің бірі болған Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім рота командирінің қызметке салғырт қарауы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды.

«Тергеумен лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды.

Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды. Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша, алдын ала тергеу деректерінің басқа мәліметтері жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 27 қаңтар күні қару ұстап жүрген сарбаз жарақат алып көз жұмған болатын.

Мәлімет бойынша, мерзімді әскери қызметкер снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген.

Yorumlar
Diğer Haberler