«Кеген – Нарынқол» автожолы опырылып кетті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/snKHhJwcZPswWDxprbWjsgDOxHOnKQ5quJE8mstx.jpg

Бүгін, 3 сәуір сағат 11:30 шамасында республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автожолының 20-шақырымында еріген суды өткізу кезінде қолданыстағы су өткізгіш құбыр зақымданып, жол опырылды, деп хабарлайды "Адырна".

Аталған учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған. Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мердігер ұйымның қарауында.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, қозғалыс уақытша шектеліп, көліктер қиыршықтас жол арқылы айналып өтуде. Жағдай бақылауда, шамамен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Жақын арада уақытша қиыршықтас айналма жол салу жоспарлануда.

Су өткізгіш құбыр мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады. Аталған учаскедегі қозғалыс тәулігіне шамамен 500 автокөлікті құрайды. Жол 1960–1970 жылдары салынған.

Yorumlar
Diğer Haberler