Моңғолия астанасы Ұланбатырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды "Адырна".
Әлем чемпионы, +90 келідегі Айбек Оралбай шешуші сында Қытай спортшысы Данабек Байкенжеге қарсы шықты.
Отандасымыз жекпе-жекте қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, әр раундты өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 5:0.
Осылайша, Айбек Оралбай Азия чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы атанды. Ол 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионы атағына қол жеткізген еді.
Айта кетейік, бұған дейін тек Василий Левиттің ғана 3 дүркін Азия чемпионы деген атағы болған еді.
