Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жерге жерленетін болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wEVmd6tuY2N8mmWWDaICxVdZrPlPyASq48mLjK4T.webp

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жер – Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерленетін болды. Бұл туралы ақынның жиені Қайырхан Балғабеков мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна”.

 «Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының басшысы Бауыржан Бабажанұлы бұл ақпаратты растады.

Айта кетсек, марқұмды шығарып салу рәсімі 21 сәуір күні сағат 9:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында өтеді. Ал денесі 22 сәуірде Арыстан баб кесенесінің маңындағы академик Өмірзақ Айтбаев пен Көпен Әмірбек жерленген зиратқа қойылады.

Бұған дейін марқұмды Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратына жерленетіні хабарланған еді. Дегенмен, бұған желі қолданушыларының біразы қарсылық білдірді.

Еске сала кетейік, ақынның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысына жолдаған өтініш хатында Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты – оны ата-бабаларының киелі мекені Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлеу екенін айтқан болатын. 

Yorumlar
Diğer Haberler